Қаз   Рус

Дариға - Сыртқы істер министрлігіне, Динара - ЮНИСЕФ-ке

697 қаралды
0
Ратель
Понедельник, 20 Ноя 2017, 12:35

Қазақстандағы жаңа кадрлық тағайындаулар

Өткен аптада еліміздің орталық және жергілікті атқарушы органдарында бірқатар кадрлық өзгерістер болды, апта ішінде орын алған кадрлық тағайындауларға ҚазАқпарат дәстүрлі шолу жасайды.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Дариға НАЗАРБАЕВА ҚР Сыртқы істер министрлігі қызметінің мәселелері бойынша Қоғамдық кеңесіне басшылыққа келді.

Оқи отырыңыз
Астана Лениннің жойылуына себеп болуы мүмкін

ҚР Үкіметінің қаулысымен ҚОЖАҒАПАНОВ Ерлан Тоқтарханұлы ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды. Ерлан Қожағапанов 1968 жылы Алматы облысында дүниеге келген. 1992 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін, 1999 жылы Алматы мемлекеттік университетін тәмамдады. 2006 жылы РФ Мемлекеттік кеден комитетінің Кеден академиясын экономист, қаржыгер, заңгер мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1987 жылы бастады. 1990-1994 жылдары кәсіпкерлік қызметпен айналысқан. 1994-2007 жылдар аралығында мемлекеттік органдар мен кәсіпорындарда жұмыс істеген. 2007-2013 жылдары Астана қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. 2013-2016 жылдары ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы, ҚР Футбол федерациясының президенті болды. 2016 жылдың желтоқсанынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі қызметін атқарып келді. 

Өткен апта басында Астана әкімдігі аппаратының кеңесінде шаһар басшысы  Әсет ИСЕКЕШЕВ жаңа кадрлық тағайындау жөнінде мәлімдеді. Қаланың қорғаныс істері департаментінің басшысы болып полковник Ардақ Қоқатов тағайындалды. А. Қоқатов кадрлық офицер, ол бұған дейін бірқатар жетекшілік қызмет атқарған болатын. Атырау және Қарағанды облыстарының  қорғаныс істері департаментін басқарды. Жаңа тағайындауға сәйкес, елорда әкімі оған азаматтарды міндетті әскери қызметке шақырту шараларымен уақытында әрі сапалы түрде қамтамасыз ету жұмыстарын белсенді ете түсуді тапсырды. Елорданың мобилизациялық дайындығы мәселелеріне қаланың әскери қызметке шақырту комиссиясының төрағасы болып табылатын Астана қаласы әкімінің орынбасары Асқар Амрин жетекшілік ететін болады.

Апта соңында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Басқарма төрағасы Абылайхан ОСПАНОВ ұжымға Қоғаммен байланыс департаментінің жаңа басшысы Мұрат ЖҰМАНБАЙДЫ таныстырды. М. Жұманбай бес жылдан астам уақыт Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің баспасөз орталығын басқарды. Екі жылдай ҚР Парламенті Мәжілісі Төрағасының кеңесшісі болды әрі палатаның баспасөз қызметіне жетекшілік етті. Сондай-ақ ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Қоғаммен байланыс басқармасының жетекшісі, кейін ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Орталық коммуникациялар қызметі директорының орынбасары қызметтерін атқарды. Бүгінгі тағайындауға дейін ҚР Инвестициялар және даму министрінің кеңесші болды.

Оқи отырыңыз
Айтыс табыс көзі бола алады

Апта ортасында кадрлық өзгерістер Павлодар облысында орын алды.  Дүйсенбай Тұрғанов Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметінен босатылғандығы мәлім болды.  Бес жыл осы лауазымды қызметті атқарған ол, басқа жұмысқа ауысқан.  Ал облыс әкімінің бірінші орынбасары болып Ұлан Жазылбек тағайындалды. Ол осыған дейін Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс саласын дамыту және ТҮКШ департаментінің директоры болған. 1962 жылы туған Ұлан Жазылбек 1984 жылы Алматы сәулет-құрылыс институтын «Инженер-құрылысшы» мамандығы бойынша аяқтап, 2009 жылы Қонаев атындағы университетті «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған. Түрлі жылдары бірқатар салада басшылық қызметте болған ол, 2014-2017 жылдар аралығында Ұлттық экономика министрлігінің инфрақұрылым және экономиканы дамыту департаментінің директоры болды. Айта кетейік, облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің жаңа басшысы болып Ернұр Байғұрманов тағайындалды. Ол осыған дейін аталмыш ведомствоның орынбасары болған. Бұдан бөлек,  Павлодар облысы әкімінің орынбасары болған Николай Дычко Ақсу қаласының әкімі атанды.  Ал бұрынғы ақсулық әкім Нұрлан Дүйсенбинов аймақтың қаржы басқармасына басшы болды.

Аптаның басында Ақмола облысындағы тағайындаулар жайында мәлім болды. Ақмола облыстық туризм басқармасы жанындағы Туристік ақпараттық орталығының жетекшісі қызметіне Данияр Идиятов тағайындалды. Данияр Идиятов 1983 жылдың 17 қарашасында Көкшетау қаласында дүниеге келген. Түркиядағы «Balikesir University» білім ордасының туризм және қонақүй шаруашылығы факультетін бітірген. Сонымен қатар АҚШ, БАӘ, Грузия елдерінде туризм бойынша біліктілігін арттыру курстарынан өткен. Туристік саладағы үлкен жұмыс тәжірибесі бар. 2007 жылдан бастап "Intourist Thomas Cook" ірі халықаралық туристік оператордың Астанадағы филиалының директоры болған. Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін «Turoteka. Kz» ЖШС-нің директоры қызметін атқарды.  Сонымен қатар «Қазақинвест» АҚ-тың Ақмола облысындағы өкілдігіне директор болып Әйгерім Молдабекова тағайындалды. Әйгерім Молдабекова 1986 жылы 28 қазанда дүниеге келген. Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін, Халықаралық бизнес академиясын бітірген. 2009 жылы «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағының маманы, инвесторлармен жұмыс департаментінің директоры болған.  Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы» АҚ басқармасының төрайымы қызметін атқарды. 

Қазақстандық шахматшы Динара СӘДУАҚАСОВА БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Қазақстандағы Ұлттық ізгі ниет елшісі болды. ЮНИСЕФ бұл атақты 1954 жылдан бері тағайындап келеді. Осылайша, Ұлттық ізгі ниет елшісі болған танымал мәдениет, спорт, әдебиет қайраткерлері өз елдерінде балалардың құқықтарын қорғауға күш салады. Ұлттық ізгі ниет елшісі етіп тағайындау арқылы балалардың мәселелеріне белгілі адамдардың назарын аудару көзделеді.

Фото: Today.kz
 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Исповедь молодого сантехника и молодого акима. Часть 1
- ВЛАДИМИР, огромное Вам человеческое спасибо от всей души и чистого сердца, самое главное здоровья и ещё раз здоровья. На таких людях как Вы, города и держатся. Профессионалов как Вы, необходимо ставить руководителями, которые знают проблему из внутри. Ещё раз ОГРОМНОЕ СПАСИБО!!!!!!!
Когда правительство возьмётся за яйца
- Просто шедевральная статья. Особенно в точности описывает функции партий, которые описаны в данной статье. Изречения которые должны быть прочитаны и приняты во внимание. Самое главное чтобы данный ежедневник был прочитан и принят во внимание. (Про выражение где фигурирует Троцкий просто ШЕДЕВРАЛЬНО и в точку)...
Отчего после публикаций Ratel.kz нервничают в ТОО "AB Energo"
- Сергей, ОГРОМНОЕ Вам спасибо за новое расследование. Всегда держите в напряжение. Ожидаем продолжение... (Интересно, что скажет ещё на это и ГУ "Аппарат акима Абайского района Карагандинской области)
Премьер Смаилов как аманат Назарбаева
- Спасибо большое , здоровье и удачи Вам и Вашим близким, то что Вы творите лучше всех государственных программ по воспитанию . Готовая программа к действию для улучшения жизни населения. Огромное удовольствие что у нас имеется такие журналисты и такой коллектив.
Депутатский запрос фракции "Ак жол": чем комитет гражданской авиации занимался пять лет
- Если случится ещё трагедия , то кого будут винить опять? Всех собак спустили на авиакомпанию Bek Air, хотя надо было просто решать проблему с незаконными постройками намного раньше этой катастрофы. Нельзя это так оставлять. Всех пересажать за коррупцию , кто являлся корнем проблемы!
Все дороги ведут в Каражал: горькая начинка "сладкого пирожочка"
- Огромное спасибо автору за проделанную работу! Только в нашей группе более 100 человек постравших от этой компании в лице гендиректора Максата Токмагамбетова, бессовестного, наглого мошенника, который почему-то до сих пор остаётся безнаказанным, хотя прокуратура и следственные органы завалены сотнями, сотнями заявлений пострадавших. Но мы не остановимся и будем добиваться, чтобы этот "человек", наконец-то, понёс наказание!
Как аким Досаев уничтожает Алматы и рейтинги президента Токаева
- Каменское плато- в р-не обсерватории идет застройка, хотя весной сошел оползень на ул Алмалыкской. Акимат частично помог организовав сброс воды с вышележащего участка на нижнюю часть улицы и домовладельцу в расчистке. Но других мер по предотвращению развития оползневой зоны не принято. Вырублен сад, на месте его строится элитный комплекс Вилла Белгравиа. Летом, здесь нехватка воды, отключения электроэнергии, что будет при вводе в эксплуатацию этого, т.к.доп коммуникаций застройщик не делает.